Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатына құрамын жариялады

Фото: UWW
Қазақстанның 30 балуаны 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы күрес түрлерінен әлем чемпионатына алдын ала өтінімге енді.
Жарыс 12-18 қазан аралығында Лас-Вегаста өтеді. Қазақстан еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен барлық салмақ дәрежесінде спортшыларын қатысады.
Еркін күрес:
- Еламан Амангелді – 57 келіге дейін;
- Нұрданат Айтанов – 61 келіге дейін;
- Шерхан Абил – 65 келіге дейін;
- Майыс Әлиев – 70 келіге дейін;
- Нұрдәулет Сейілбеков – 74 келіге дейін;
- Ерхан Абил – 79 келіге дейін;
- Абылайхан Үзембаев – 86 келіге дейін;
- Камиль Құруғлиев – 92 келіге дейін;
- Нұрдәулет Бекенов – 97 келіге дейін;
- Әлімжан Сәлімжан – 125 келіге дейін.
Грек-рим күресі:
- Арсен Жұма – 55 келіге дейін;
- Айбек Айтбеков – 60 келіге дейін;
- Ислам Евлоев – 63 келіге дейін;
- Рамиль Расим – 67 келіге дейін;
- Юсуф Ашрапов – 72 келіге дейін;
- Ақжан Ықыласов – 77 келіге дейін;
- Айбек Каляхмет – 82 келіге дейін;
- Бибарыс Тұрғанбекұлы – 87 келіге дейін;
- Нұрасыл Аманалы – 97 келіге дейін;
- Бағдат Сабаз – 130 келіге дейін.
Әйелдер күресі:
- Лаура Ғаниқызы – 50 келіге дейін;
- Динара Дауылқызы – 53 келіге дейін;
- Шұғыла Өмірбек – 55 келіге дейін;
- Анна Стратан – 57 келіге дейін;
- Виктория Хусаинова – 59 келіге дейін;
- Тыныс Дубек – 62 келіге дейін;
- Жаныл Бекен – 65 келіге дейін;
- Ұлдана Тлеухан – 68 келіге дейін;
- Жібекжан Сабыржанова – 72 келіге дейін;
- Алина Ертостік – 76 келіге дейін.
Турнир Thomas & Mack Center спорт кешенінде өтеді. Грек-рим күресінен жарыстар 12-14 қазан, әйелдер күресінен 14-16 қазан, ал еркін күрестен 16-18 қазан аралығында ұйымдастырылады.
АҚШ 2015 жылдан бері алғаш рет күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды.