Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатын алты медальмен бастады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazchess

Фото: kazchess

Қазақстандық шахматшылар Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты-2026 рапид сайысында алты медаль жеңіп алды.

Чемпион атанғандар: Нұрмұхамед Елемес (10 жасқа дейін), Әміржан Әнетов (12 жасқа дейін) және Мақсат Байсалбеков (14 жасқа дейін). Күміс жүлдені Адинұр Әділбек (10 жасқа дейін) еншіледі. Ал қола жүлдегерлер Амалия Едрешова (10 жасқа дейін) мен Әлішер Әбдісаттар (14 жасқа дейін).

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан құрамасы нәтижесін жақсартты. Былтырғы турнирде рапид бойынша қазақстандық шахматшылар тек екі медаль алған еді.

Жастар арасындағы Азия чемпионаты 16–24 шілде аралығында өтеді. Турнирге 29 елден шамамен 900 шахматшы қатысуда. Жарыс 8, 10, 12, 14, 16 және 18 жас санаттары бойынша классикалық шахмат, рапид және блиц түрлерінде ұйымдастырылған.