Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қазақстандық балуан Астанадағы әлем чемпионатында жүлдеден қағылды

Дина Хамзина··
Қазақстандық балуан Астанадағы әлем чемпионатында жүлдеден қағылды

Қазақстандық еркін күрес шебері Мейрамбек Картбай Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Монх-Эрдэнэ Батхуягпен кездесті. Тартысты әрі нәтижелі өткен кездесуде қазақстандық балуан 8:10 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Мейрамбек Картбай әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде мексикалық Роман Браво-Янгтан 2:5 есебімен жеңілген болатын. Алайда мексикалық спортшы кейін финалға шыққандықтан, Картбай жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алған еді.