Қазақстандық балуан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UWW

Фото: UWW

Қазақстан құрамасының еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында жарыс жолын аяқтады.

Қазақстандық спортшы 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Турнирдің алғашқы белдесуінде Куруглиев моңғолиялық Демчидорж Тимурбатарды 3:0 есебімен жеңді. Кейін қазақстандық балуан үндістандық Викиге 5:12 есебімен және өзбекстандық Шерзод Пойоновқа 1:4 есебімен есе жіберді.

Айналмалы кезең қорытындысы бойынша Куруглиев жартылай финалға шыға алмай, турнирді медальсіз аяқтады.

Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Дананг қаласында өтіп жатыр.