Қазақстандық балуандар U23 Азия чемпионатында үздік үштікке кірді

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстанның грек-рим күресі құрамасы Вьетнамның Дананг қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте үшінші орын алды.
Турнирде қазақстандық балуандар сегіз медаль жеңіп алды — екі алтын, төрт күміс және екі қола.
Азия чемпионы атанғандар: Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін).
Күміс медаль иегерлері: Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңіс (87 келіге дейін) және Джохар Узаров (130 келіге дейін).
Қола жүлдені Диас Нураков (63 келіге дейін) пен Кирилл Минько (82 келіге дейін) еншіледі.
Медальдық есепте бірінші орынды Өзбекстан құрамасы жеңіп алды. Екінші орын Қырғызстанға бұйырды. Ал Қазақстан құрамасы жарысты үшінші сатыда аяқтады.
Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Дананг қаласында өтіп жатыр.