Қазақстандық балуандар Көшпенділер ойындарында екі күміс медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Есенов Қайсар

Фото: Есенов Қайсар

Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен екі күміс медаль иеленді.

Күміс жүлдеге Нұрдәулет Бақтыбайұлы мен Нұрдәулет Жарылғапов қол жеткізді. Бақтыбайұлы бұған дейін 82 келіге дейінгі салмақта жақсы нәтижелер көрсеткен. 2025 жылы ол әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Сондай-ақ ол «Дала қырандары» республикалық турнирінде жеңімпаз атанған.

Ал Жарылғапов – Қазақстанның қазіргі чемпионы. Ұлттық біріншіліктегі жеңісі оған VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жолдама сыйлады. 2025 жылы спортшы «Қазақстан Барысы» турнирінің қола белбеуін де иеленген.

Еске салайық, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Ашылу салтанаты Бішкекте ұйымдастырылса, негізгі жарыстар Ыстықкөл облысының спорт нысандарында өтуде.