Қазақстандық баскетболшылар Азия ойындарының алдында ресейлік клубтармен ойнайды
Бөлісу

Фото: nbf.kz
Қазақстан әйелдер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарына дайындық аясында Омбы қаласында өтіп жатқан халықаралық «Титан кубогіне» қатысып жатыр.
Жарыс 3-6 қыркүйек аралығында Иван Дворный атындағы спорт кешенінде өтеді. Қазақстандық баскетболшылардың қарсыластары Ресейдің «Нефтяник-Титан», «Нефтяник-Титан-2» командалары және Новосібірдің «Динамосы» болады.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Қазақстан әйелдер құрамасы баскетболдан 5×5 форматындағы турнирге қатысады.