Қазақстандық боксшы АҚШ-та титулдық жекпе-жек өткізеді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: proboxingkaz

Фото: proboxingkaz

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта WBC Continental Americas тұжырымы бойынша вакантты чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді.

Кездесу 18 шілде күні АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтеді. Қазақстандық спортшының қарсыласы колумбиялық Альбейро Паредес болады. Жекпе-жек жеңімпазы WBC Continental Americas белбеуінің иегері атанады.

Бұл Павлов үшін 2026 жылға екінші айқас болмақ. Сәуір айында қазақстандық боксшы екі жылдық үзілістен кейін кәсіпқой рингке оралып, америкалық кіші Антонио Дантон Элді төрешілердің біріңғай шешімімен жеңген еді.

Кәсіпқой бокста Евгений Павлов 11 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның сегіз жеңісі нокаутпен аяқталған. Ал Альбейро Паредестің еншісінде 14 жеңіс бар, оның 12-сі мерзімінен бұрын тіркелген. Сонымен қатар екі рет жеңілген.

Қазақстандық боксшы АҚШ-та титулдық жекпе-жек өткізеді – sport-hub