Қазақстандық дзюдошы Лозаннадағы Grand Slam турнирінен алғашқы белдесуінен кейін-ақ шығып қалды

ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы Лозаннадағы Grand Slam турнирінде өз өкілдерінің бірінен айырылды. Ансарбек Ғайнуллин 73 келіге дейінгі салмақтағы жарыстың алғашқы айналымынан өте алмады.
Батыс Қазақстан облысының 28 жастағы дзюдошысы жарысты бельгиялық Рэй Маринкске қарсы жекпе-жекпен бастады. Қарсыласы нәтижелі әдіс жасап, «юко» ұпайын иеленді. Осыдан кейін қазақстандық спортшы турнирдегі жарысын аяқтады.
Осылайша, Ғайнуллин Швейцариядағы Grand Slam турнирінде жүлде үшін күресу мүмкіндігінен айырылды.
Қазақстандық дзюдошы үшін бұл қатарынан екінші Grand Slam турнирі болып отыр. Ол бұл жарыста да алғашқы белдесуінен әрі аса алмады. Бұған дейін Ұлан-Батырда өткен Grand Slam турнирінде де Ғайнуллин жарысты бірінші айналымда аяқтаған.
Айта кетейік, шілде айында Ғайнуллин Астанада өткен турнирде қола медаль жеңіп алған болатын.