Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасының өкілдері Айбек Айтбеков пен Юсуф Ашрапов 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Осылайша, олар кем дегенде күміс медальді қамтамасыз етті.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Айтбеков жартылай финалда украиналық Евгений Поковбойды жеңді. Енді қазақстандық балуан финалда Әзербайжан өкілі Эльмир Әлиевпен белдеседі.

72 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Юсуф Ашрапов та жартылай финалдан сүрінбей өтті. Ол түркиялық Ибрахим Өздемирді жеңіп, шешуші кезеңге шықты. Финалда оның қарсыласы армениялық Гаспар Тертерян болады.

Айта кетейік, қос балуан да бұрынғы әлем чемпионаттарындағы нәтижесін жақсартуға мүмкіндік алды. 2024 жылы Айбек Айтбеков 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта қола жүлде иеленсе, Юсуф Ашрапов 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған.

Еске салайық, 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты 12–18 қазан аралығында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Thomas & Mack Center аренасында өтіп жатыр.