Басты бет
·
Жекпе-жек түрлері

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Али Асетов··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілдері Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова Астанадағы «Барыс Аренада» өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатының ширек финалынан сәтті өтті.

Жарыстың алғашқы күнінде екі қазақстандық балуан жартылай финалға жолдама алды.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зейнеп Баянова моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавпен белдесті. Қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионатының финалына шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Тағы бір жартылай финал жолдамасын 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нилуфар Раимова иеленді. Ол ширек финалда Украина өкілімен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша, Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова өз жерімізде өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күресу мүмкіндігін сақтап қалды.

Айта кетейік, жарыс елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтіп жатыр.

Қазақстандық екі балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты – sport-hub