Қазақстандық ескекшілер Польшадағы әлем чемпионатына қатысады
Бөлісу

ҚР ҰОК
Қазақстанның байдарка мен каноэде ескек есу құрамасы Познань қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Ұлттық құрама сапына 15 спортшы енді.
Жарыс 26 тамызда басталады. Қазақстан құрамасында 11 байдаркашы және каноэде ескек есуден төрт спортшы өнер көрсетеді.
Байдарка: Денис Кленин, Бекарыс Раматулла, Дмитрий Холмогоров, Артём Терещенко, Игорь Ряшенцев, Жахонгир Жамедов, Татьяна Гладкова, Стелла Суханова, Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Эвелина Костенко.
Каноэ: Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов, Мария Бровкова, Ульяна Киселёва.
Ересектер арасындағы әлем чемпионаты Познань қаласында 26-30 тамыз аралығында өтеді. Турнир бағдарламасына параканоэден жарыстар да енгізілген.