Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық гандболшы Азия чемпионаты матчының үздік ойыншысы атанды

Аружан Талғат··
Фото: Каирбек Тулегенов

Фото: Каирбек Тулегенов

Қазақстанның гандболдан әйелдер құрамасы өз алаңында өтіп жатқан Азия чемпионатын Аустралияны ірі есеппен жеңуден бастады. Кездесуде ерекше көзге түскен Аида Жапарова матчтың үздік ойыншысы атанды.

В тобындағы бірінші тур кездесуі 23 қарашада Алматыдағы Олимпиадалық даярлау орталығында өтті. Марина Пикалова шәкірттері Аустралия құрамасын 37:18 есебімен сенімді жеңді.

Бұл Қазақстан құрамасының XXI Азия чемпионатындағы алғашқы жеңісі болды. Ұлттық құрама екі ұпай жинап, топтан шығу жолындағы күресті сәтті бастады.

24 қарашада қазақстандық гандболшылар Үндістан құрамасымен кездеседі. Одан кейін Оңтүстік Корея және Өзбекстан командаларына қарсы ойнайды.

Бұған дейін ұлттық құраманың капитаны Ирина Хасаханова SPORTHUB.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Аустралияны жеңгеннен кейінгі әсерімен бөліскен болатын.

Ол командасының турнирге дайындығы туралы айтып, Қазақстан құрамасы өз алаңында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлделі орындар үшін күресуге ниетті екенін атап өтті.