Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарындағы топтық кезеңді жеңіссіз аяқтады

Фото: Сали Сабиров
Қазақстан ерлер құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы гандбол жарысының келесі кезеңіне шыға алмады.
Ұлттық құрама топтық кезеңді барлық матчта жеңіліп, В тобында соңғы орында аяқтады.
Топтық кезеңдегі шешуші матчта қазақстандық гандболшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Айти-Нагоя аймағында өткен ойын қарсыластың 44:22 есебіндегі ірі жеңісімен аяқталды.
Бұл Қазақстан құрамасының турнирдегі қатарынан төртінші жеңілісі болды. Алғашқы кездесуде ұлттық құрама Бахрейннен 20:43 есебімен жеңілді. Кейін қазақстандықтар Кувейтке 19:43 есебімен есе жіберді. Үшінші матчта Қазақстан Иран құрамасынан 23:28 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, төрт турдан кейін ұлттық құраманың еншісінде бірде-бір ұпай болмады. Қазақстан В тобында соңғы орын алып, плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы үшін де гандбол турнирі сәтсіз аяқталды. Бұған дейін қазақстандық спортшылар Азия ойындарындағы кездесулерінде қарсыластарына есе жіберген еді.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.