Оразбек Асылқұлов Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты

ҚБФ
Оразбек Асылқұлов Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс бәсекесін 60 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегінен кейін аяқтады.
1/8 финалда Асылқұлов Оңтүстік Корея өкілі Чан Донхванмен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Қазақстандық боксшы алдын ала кезеңге қатыспай, жарысты бірден осы кезеңнен бастады.
Асылқұлов Жапонияға қазіргі Азия чемпионы мәртебесінде барды. Ол сәуір айында Ұланбатырда 60 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын. Оның жеңілісі Қазақстан ерлер құрамасының турнирдің бастапқы кезеңіндегі кезекті жоғалтуы болды. Бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов Оңтүстік Корея боксшысы Ким Минсонға төрешілердің бөлінген шешімімен (2:3) жол берген.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.