Үш дүркін әлем чемпионы Қызайбай Азия ойындарынан шығып қалды

Фото: Турар Казангапов
Назым Қызайбай Жапонияның Айти префектурасы мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы бокс турнирінің алғашқы кезеңінен аса алмады. Қазақстандық спортшы 54 келіге дейінгі салмақта жарысты аяқтады.
1/8 финалда Қызайбай Қытай өкілі Сюань Чжаомен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 4:1 есебімен қытайлық боксшыға берді.
Қызайбай үшін бұл қатарынан екінші Азия ойындары болды, онда ол шешуші кезеңдерге жете алмады. Ханчжоуда өткен 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, ширек финалда жарыстан шығып қалған.
Айта кетейік, Қызайбай бұл Азия ойындарына халықаралық аренадағы сәтті өнерінен кейін келді. Маусым айында ол Қытайдың Гуйян қаласында өткен World Boxing әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды.
Қызайбай – үш дүркін әлем чемпионы және 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Алуа Балкибекова, Виктория Графеева, Аида Әбикеева және Наталья Богданова да өнер көрсетіп жатыр.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.