Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Фото: Арлан Олжабай
Қазақстанның семсерлесуден әйелдер құрамасы Айти мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының командалық жарысында алғаш рет медаль иеленді.
Жартылай финалда ұлттық құрама Қытаймен кездесіп, 21:45 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты қола жүлдемен аяқтады. Бұл жекпе-жекте ел намысын Ирина Бакалдина, София Николайчук және Дарья Самоделкина қорғады, ал Владислава Андреева қосалқы құрамда қалды.
Қазақстандықтар жартылай финалға Гонконг құрамасын жеңгеннен кейін жолдама алды. Ширек финалда Бакалдина, Николайчук және Андреева қарсыластарынан 45:35 есебімен басым түсіп, кем дегенде қола медальді алдын ала қамтамасыз етті.
Айта кетейік, дәл осы төрттік биылғы маусымда тағы бір қола жүлде жеңіп алған. 2026 жылғы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Таиландты (45:22) және Жапонияны (45:42) жеңіп, кейін Оңтүстік Кореяға (29:45) есе жіберді. Үшінші орын үшін болған кездесуде қазақстандықтар Сингапурды 42:39 есебімен жеңді.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.