Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында гандболдан үшінші рет жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Владислав Семёнов

Фото: Владислав Семёнов

Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының гандбол турнирінде үшінші жеңілісіне ұшырады.

Жапония құрамасы кездесуде 39:24 есебімен жеңіске жетті. Бес турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде екі жеңіс және үш жеңіліс бар.

Жарыстың алғашқы кезеңінде ұлттық құрама Қытайдан (24:34) және Оңтүстік Кореядан (18:42) жеңілді. Кейін қазақстандықтар жеңілістер сериясын үзіп, Вьетнамды 29:25 есебімен жеңді. Ал келесі кездесуде Гонконгтан 34:2 есебімен басым түсті.

Турнир айналмалы жүйе бойынша өтеді, сондықтан әр нәтиже командалардың қорытындыдағы орнына тікелей әсер етеді. Қазақстан келесі ойынын Өзбекстан құрамасына қарсы өткізеді. Бұл кездесу ұлттық құрама үшін қазіргі Азия ойындарындағы алтыншы матч болады.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында гандболдан үшінші рет жеңілді – sport-hub