Қазақстандық жүзуші Азия ойындарының жүлдесі үшін таласуда

Фото: Никита Басов
Қазақстандық жүзуші Айбат Мырзамуратов Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында медаль үшін күресін жалғастырады.
Қазақстандық спортшыға 50 метрге брасс әдісімен жүзуде финалға шығу үшін қосымша жарысқа қатысуға тура келді.
Негізгі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Мырзамуратов 10-орын алды. Кейін ол Гонконг өкілімен жеке жүзуде бақ сынап, қарсыласынан озып, финалдық кезеңге жолдама алды.
Бұл қашықтық Айбатқа құрлықтық деңгейде медаль әкелген. 2025 жылы Ахмедабадта (Үндістан) өткен Азия чемпионатында қазақстандық спортшы 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 28,04 секунд нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленген.
Айта кетейік, Мырзамұратов қазіргі Азия ойындарында 200 метрге кешенді жүзуден де финалға шыққан болатын. Ол бұл сында 2:00.37 нәтиже көрсетіп, жетінші орын алды.
25 қыркүйектегі таңғы бағдарламада өзге қазақстандық жүзушілер іріктеу кезеңінен аса алмады. Александр Румынский 200 метрге арқамен жүзуде 11-орын, Максим Сказобцов 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 16-орын, ал Фёдор Диденко 400 метрге еркін стильде жүзуде 19-орын алды.
Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.