Қазақстандық гимнаст қыздар Бішкектегі Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Темирлан Мажекенов ··
Фото: ҚР ҰОК ресми сайты

Фото: ҚР ҰОК ресми сайты

Қазақстанның көркем гимнастика құрамасы Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль иеленді.

Топтық көпсайыста Қазақстан намысын Айзере Нұрмағамбетова, Айзере Кеңес, Кристина Чепульская, Аида Хәкімжанова, Жасмин Жүнісбаева және Мадина Мырзабай қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар 52,85 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтады.

Бұл бағдарламада 53,95 ұпаймен Өзбекстан құрамасы чемпион атанды. Ал Қытайлық гимнаст қыздар 53,8 ұпаймен күміс жүлдеге ие болды.

Осылайша Қазақстан құрамасының қазіргі Азия чемпионатындағы медаль саны үшеуге жетті. Бұған дейін Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста күміс медаль жеңіп алған еді. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орын иеленген еді.

Қазақстандық гимнаст қыздар Бішкектегі Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды – sport-hub