Басты бет
·
Қысқы ойындар

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy-2026 турнирін аяқтады

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстанның үш мәнерлеп сырғанаушысы 16-18 қазан аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өткен Budapest Trophy-2026 халықаралық турниріне қатысты. Жарыс ISU Challenger сериясы мен жасөспірімдер арасындағы бәсекелер аясында ұйымдастырылды.

Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда Никита Кривошеев 28 қатысушының ішінде 20-орын алды. Қысқа бағдарламада қазақстандық спортшы 61,14 ұпай жинап, 17-нәтиже көрсетті. Ал еркін бағдарламада 110,02 ұпай еншілеп, 19-орынға тұрақтады. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша 171,16 ұпай жинады.

Әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда Зере Сарбалина 37 спортшының ішінде 36-орынға жайғасты. Қысқа бағдарламадан кейін 39,37 ұпаймен 31-орында тұрған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 55,50 ұпай алды. Жалпы нәтижесі – 94,87 ұпай.

Қазақстанның тағы бір өкілі Карина Шеина жасөспірімдер арасындағы жарысқа қатысты. Ол қысқа бағдарламада 48,01, ал еркін бағдарламада 81,04 ұпай жинады. Нәтижесінде 129,05 ұпаймен 24 спортшының арасында алтыншы орынға ие болды.