Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Түркиядағы турнирге қатысады

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Анкарада өтетін жасөспірімдер арасындағы Гран-при жарысының төртінші кезеңіне қатысады.

Жарыс 17-19 қыркүйек аралығында Ümitköy Ice Skating Complex мұз айдынында өтеді. Қазақстан барлық төрт бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Ерлер арасындағы жеке сайыста Никита Козлов, ал әйелдер арасында Сафия Абаева мұз айдынына шығады. Спорттық жұптар сайысында Қазақстан атынан Василианна Шелестова мен Абай Садықов өнер көрсетеді. Мұздағы биден Ева Шелаева мен Иван Соловьев қатысады.

Қазақстан құрамасының ең тәжірибелі спортшылары – Ева Шелаева мен Иван Соловьев. Бұл жұп жасөспірімдер арасындағы Гран-при кезеңдеріне 2023 жылдан бері қатысып келеді. ISU жарыстарындағы жеке рекорды – 103,62 ұпай.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы Гран-при сериясы жеті кезеңнен тұрады. Анкарадағы жарыстан кейін бәсекелер 24-26 қыркүйекте Грузияның Батуми қаласында, 1-3 қазанда Словенияның Любляна қаласында және 8-10 қазанда Польшаның Гданьск қаласында өтеді.

Жасөспірімдер сериясының финалы 10-13 желтоқсан аралығында Қытайдың Чунцин қаласында өтеді. Сондай-ақ ересектер арасындағы Гран-при финалы да осы қалада ұйымдастырылады. Ал 2027 жылдың ақпан айында Қазақстан төрт құрлық чемпионатын қабылдайды. Жарыс Астана қаласында өтеді.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Түркиядағы турнирге қатысады – sport-hub