Қазақстандық самбошылар Көшпенділер ойындарында екі қола медаль жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Есенов Қайсар

Фото: Есенов Қайсар

Қазақстан құрамасының өкілдері Еркебұлан Негметов пен Жандос Бейсенбаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы самбо турнирінде қола медальдарға ие болды.

Негметов 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алса, Бейсенбаев 64 келіге дейінгі санатта Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль салды. Бұған дейін 2025 жылғы әлем чемпионатында Негметов күміс жүлде жеңіп алса, Бейсенбаев қола жүлдегер атанған.

Тамыз айында Бейсенбаев Мәскеуде 18 елдің өкілдері қатысқан әскери қызметшілер арасындағы халықаралық турнирде де алтын медаль жеңіп алған.

Еске салайық, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты Бішкекте ұйымдастырылса, негізгі жарыстар Ыстықкөл облысының спорт нысандарында өтуде.