Қазақстандық шабандоздар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екінші алтынды жеңіп алды

Фото: Govori.TV
Қазақстандық Мұхаммеджан Сайлау Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан жеңімпаз атанды.
Финалдық белдесуде Қазақстан өкілі Қырғызстан спортшысын жеңді. Эр эңиш — шабандоздардың дәстүрлі күресі. Бұл қазақтың аударыспағына ұқсас қырғыз ұлттық спорты.
Айта кетейік, Сайлаудың алтын медалі Қазақстан құрамасының осы ойындардағы екінші алтыны болды. Бұған дейін осы спорт түрінен Нұрталап Кәрім жеңімпаз атанған еді. Мұхаммеджан бұған дейін де эр эңиштен әлем чемпионы атанған. 2023 жылы қазақстандық спортшы финалда Қырғызстан өкілін жеңіп, жарыста топ жарған.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Ашылу салтанаты Бішкекте ұйымдастырылса, негізгі жарыстар Ыстықкөл облысының спорт нысандарында өтуде.