Қазақстандық шорт-трекшілер Канададағы Әлемдік тур кезеңін аяқтады

ҚР ҰОК
Канаданың Монреаль қаласында Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ұйымдастыруымен өткен шорт-тректен Әлемдік турдың екінші кезеңі аяқталды.
Қазақстандық спортшылар жекелей және командалық жарыстарда өнер көрсетті.
5000 метрге ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы жұбаныш финалына жолдама алды. Богдан Вехов, Айбек Темірхан, Айбек Насен және Глеб Ивченко жарыс қорытындысы бойынша алтыншы орынға тұрақтады.
Жекелей сында Вехов 1000 метр қашықтықта 13-орын алды. Бұған дейін қазақстандық спортшы 1500 метрге жарыста үздік бестікке еніп, бесінші сатыға жайғасқан еді.
Әйелдер арасында турнирдің соңғы күніндегі ең үздік нәтижені Алина Ажгалиева көрсетті. Ол 1500 метр қашықтықтағы жарысты 14-орынмен аяқтады.