Қазақстандық спортшы Овчинникова Нидерландыдағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Бегасыл Амирбай ··
ҚР ХОК

ҚР ХОК

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландтың Хенгело қаласында өткен халықаралық FBK Games турнирінде қола жүлдегер атанды.

Биіктікке секіру сайысында Овчинникова 188 сантиметр нәтижесін көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Елизавета Матвеева 176 сантиметр нәтижемен тоғызыншы орынға тұрақтады.

Турнир жеңімпазы 194 сантиметр биіктікті бағындырған украиналық Ярослава Магучих болды. Екінші орынды 191 сантиметр нәтижесімен Куба өкілі Дакси Аделина Брисон иеленді.

Айта кетейік, FBK Games турнирі World Athletics-тің Континенталды турының «алтын» деңгейіне кіреді.

Қазақстандық спортшы Овчинникова Нидерландыдағы турнирде қола жүлдеге ие болды – sport-hub