Қазақстандық спортшы Тоқтаров Азия ойындарында жүлдеге ие болды

Фото: Арлан Олжабаев
Қазақстандық спортшы Дамир Тоқтаров Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдегер атанды.
Спорттық құзға өрмелеуден өткен жарыста ол «жылдамдық» дисциплинасында қола медаль жеңіп алды.
Шешуші кезеңде Тоқтаров қашықтықты 7,342 секундта бағындырды. Бұл нәтиже Қазақстан өкіліне қорытынды хаттамада үшінші орын алуға мүмкіндік берді.
Алтын медаль Қытай спортшысы Чу Шоухунға бұйырды. Ол 4,714 секунд нәтиже көрсетті. Күміс жүлдені Иран өкілі Реза Али Пур Шеназанди Фард 5,362 секунд нәтижесімен иеленді.
Осылайша, Дамир Тоқтаров Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының кезекті медалін салып, ұлттық құрамаға қола жүлде әкелді.