Қазақстандық теннисші Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты

instagram.com/kulambayevaa
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева словениялық Вероника Эрьявецпен жұптасып, Чилидің Колина қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы топырақ төсенішті турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандық-словениялық жұп грекиялық Деспина Папамихаил мен түркиялық Ипек Өзді 6:0, 6:2 есебімен сенімді жеңді.
Кездесу 65 минутқа созылды. Құламбаева мен Эрьявецтің жартылай финалдағы қарсыластары 19 қарашада анықталады.
Айта кетейік, Колинадағы турнирдің жалпы жүлде қоры 115 мың долларды құрайды. Жұптық сында топ жарған теннисшілерге екеуіне жалпы 6 мың доллар сыйақы беріледі. Сондай-ақ әрқайсысы WTA рейтингінде 125 ұпайдан еншілейді.