Александр Зверев ATP қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты

Фото: Corinne Dubreuil/ATP Tour
Германиялық теннисші Александр Зверев Италияның Турин қаласында өтіп жатқан ATP қорытынды турнирінің топтық кезеңінде америкалық Бен Шелтонды жеңіп, жарыстың жартылай финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.
Кездесу 6:2, 7:6 (7:4) есебімен аяқталды. Бірінші сетте Зверев қарсыласының геймдерін екі рет өз пайдасына шешсе, екінші партияда тай-брейкте басым түсті.
Матч барысында неміс теннисшісі 14 эйс жасап, бірде-бір қос қателік жібермеді. Сондай-ақ сегіз брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Шелтон 15 эйс жасап, екі қос қателікке жол берді.
Бұл Зверевтің турнирдегі екінші жеңісі болды. Бұған дейін ол испаниялық Рафаэль Ходарды ұтқан еді. Осылайша неміс теннисшісі жекелей сында жартылай финалға жолдама алған алғашқы қатысушы атанды.
Сонымен қатар Зверев Шелтонға қарсы қатарынан жетінші кездесуінде жеңіске жетті.
Топтық кезеңнің соңғы турында Александр Зверев франциялық Артур Фиспен кездеседі. Ал Бен Шелтон Рафаэль Ходарға қарсы ойнайды.
ATP қорытынды турнирі. Топтық кезең
Александр Зверев (Германия) – Бен Шелтон (АҚШ) – 6:2, 7:6 (7:4).
Айта кетейік, ATP қорытынды турнирі 15–22 қараша аралығында Туринде өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы – италиялық Янник Синнер.