Басты бет
·
Теннис

Александр Шевченко ATP рейтингінде үздік жүздікке қайта оралды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Қазақстандық бірнеше теннисші өз орындарын жақсартты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бір саты жоғарылап, әлемдік рейтингте 25-орынға көтерілді. Ол қазақстандық теннисшілер арасында көшбасшылықты сақтап қалды.

29 жастағы Бублик қазан айының соңынан бері жарыстарға қатысқан жоқ. Ол Almaty Open турнирінің жартылай финалында ресейлік Даниил Медведевке қарсы кездесуде аяғынан жарақат алып, матчты аяқтай алмаған еді. Осыдан кейін қазақстандық теннисші 2026 жылғы маусымды мерзімінен бұрын аяқтады.

Александр Шевченко жеті саты жоғарылап, 609 ұпаймен әлемдік рейтингтің 100-орнына жайғасты. Ал Тимофей Скатов төрт орынға көтеріліп, 290 ұпаймен 193-сатыға тұрақтады.

Қазақстандық өзге теннисшілердің көрсеткіштері:

  • Денис Евсеев – 469-орын (98 ұпай);
  • Дмитрий Попко – 493-орын (89 ұпай, +2);
  • Бейбіт Жукаев – 531-орын (79 ұпай, −11);
  • Әмір Омарханов – 599-орын (63 ұпай, +15);
  • Григорий Ломакин – 861-орын (30 ұпай, −1).

Айта кетейік, ATP рейтингіндегі үздік үштік өзгеріссіз қалды. Бірінші орында германиялық Александр Зверев тұр. Екінші сатыда италиялық Янник Синнер, ал үшінші орында испаниялық Карлос Алькарас орналасқан.

Александр Шевченко ATP рейтингінде үздік жүздікке қайта оралды – sport-hub