Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдағы ITF жұптық турнирінің жартылай финалына шықты
Бөлісу

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин австралиялық Джошуа Чарльтонмен бірге Қытайдың Мааньшань қаласында өтіп жатқан ITF M15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Ширек финалда қазақстандық-австралиялық жұп Таиланд өкілдері Танапет Чанта мен Павит Сорнлаксупқа қарсы ойнады. Кездесу Ломакин мен Чарльтонның 5:7, 6:3, 10:4 есебімен жеңісімен аяқталды.
Финалға шығу үшін Ломакин мен Чарльтон қытайлық Женьшоң Дун мен Аарон Ванг дуэтіне қарсы ойнайды. Ал жекелей сында қазақстандық теннисші ширек финалда Қытай өкілі Ханьи Люге 2:6, 3:6 есебімен есе жіберіп, жарысты аяқтады.
Еске сала кетейік, Григорий Ломакин ITF турнирлерінде 31 титулдың иегері және қазіргі таңда ATP рейтингінде 888-орында тұр.