Аружан Сағындықова Сербиядағы ITF турнирінің екінші айналымына шықты

Бегасыл Амирбай ··
ҚТФ

ҚТФ

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова Сербияда өтіп жатқан ITF W15 сериялы турнирде сәтті өнер көрсетті. Ол алғашқы айналымда жергілікті корт иесі Гала Ивановичті екі сетте жеңді.

Куршумлийска-Бане қаласында өткен 1/16 финал матчында Сағындықова 7:6 (8:6), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Енді ол екінші айналымда Испания өкілі Ана Хиральди Рекенамен кездеседі.

Сонымен қатар Сағындықова жұптық сында да жарысты жалғастырып жатыр. Ол чехиялық әріптесі Амели Хейтманекпен бірге ширек финалда Австрия–Сербия дуэті Эма Пикорусевич пен Стаса Србуловичке қарсы ойнайды.

Еске салайық, 21 жастағы Сағындықова ITF турнирлерінде алты рет жеңімпаз атанған. Жаңартылған WTA рейтингінде ол 667-орында тұр.