Александр Шевченко Польшада өтіп жатқан ATP турнирінен бас тартты
Бөлісу

Фото: ҚТФ
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко Польшада өтіп жатқан ATP «Челленджер» турнирінен бас тартты.
Познандағы жарыста қазақстандық теннисші жекелей және жұптық сында да қатыспау туралы шешім қабылдады.
Жекелей сында бірінші айналымда Шевченко аргентиналық Дженаро Оливьеримен кездесуі тиіс болған. Ал жұптық сында ол Денис Евсеевпен бірге өнер көрсетуі керек еді. Олардың қарсыластары словак Милош Кароль мен хорват Нино Сердарушич болатын. Шевченконың жарыстан не себепті бас тартқаны ресми түрде жарияланған жоқ.
Қазіргі таңда қазақстандық теннисші ATP рейтингінде 96-орында тұр және ITF сериясындағы екі турнирдің жеңімпазы саналады.