Соня Жиенбаева Қытайдағы турнирде жеңіліс тапты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Қытайдың Чжэнчжоу қаласында өткен ITF W35 турниріндегі жарысын бірінші айналымда аяқтады. Ол қытайлық спортшыға 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.

Жекелей сындағы алғашқы матчта Жиенбаева әлемдік WTA рейтингінде 544-орында тұрған қытайлық Ван Цзяиға қарсы ойнады.

Кездесу 1 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші бірде-бір брейк-пойнтты жүзеге асыра алмады, өз подачасында үш рет ұтылды және екі сетте де жеңіліп қалды – 2:6, 3:6.

Соня Жиенбаева жекелей және жұптық сында ITF турнирлерінің 17 дүркін жеңімпазы болып табылады. Жаңартылған WTA рейтингінде қазақстандық теннисші 759-орында тұр.