Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде 13 жасқа дейінгі қыздар арасында күміс жүлдеге ие болды.

WTT Youth Contender. Линьяно (Италия). 13 жасқа дейінгі қыздар. Финал

Жания Бекмұхамбетова (Қазақстан) – Каэде Нэя (Жапония) – 1:3 (11:3, 7:11, 7:11, 8:11).

Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Каэде Нэямен кездесті. Жания алғашқы партияда 11:3 есебімен сенімді жеңіске жеткенімен, кейін қарсыласы ойын барысын өзгертіп, матчта басым түсті.

Жания Бекмұхамбетова финалға дейін бес кездесу өткізіп, бірде-бір партия бермеді. Ол италиялық Виктория Таминиді (3:0), румыниялық Диана Бурлакуны (3:0) және тағы бір италиялық Майя Павелді (3:0) жеңді.

Ширек финалда қазақстандық теннисші австралиялық Алисса Йенгтен 3:0 есебімен басым түссе, жартылай финалда испаниялық Кармен Гоместі дәл осындай нәтижемен ұтты.

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды – sport-hub