Қазақстандық теннисші Польшадағы турнирдің финалына шықты

Айбар Рысдаулет ··
ҚТФ

ҚТФ

Жібек Құламбаева Польшадағы Гданьск қаласында өтіп жатқан ITF W50 сериясындағы турнирдің жұптық сынының финалына шықты.

Қазақстандық теннисші бұл жарыста венгриялық Амарисса Тотпен бірге өнер көрсетуде. Жартылай финалда бұл жұп эстониялық Елена Малыгина мен чехиялық Ивана Себестоваға қарсы ойнап, екі сетте – 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 24 минутқа созылды. Бұл матч екі жұп арасындағы кәсіби деңгейдегі алғашқы кездесу болды. Сенімді жеңістің арқасында Құламбаева мен Тот турнирдің шешуші ойынына жолдама алды.

Финалда қазақстандық-венгриялық дуэт польшалық Вероника Фалковская мен испаниялық Георгина Гарсия-Переске қарсы ойнайды. Жеңіске жеткен жағдайда Құламбаева ITF аясындағы тағы бір титулды жеңіп алмақ.