Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚТФ

Фото: ҚТФ

Қазақстан құрамасының теннисшісі Жібек Құламбаева Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатқан ITF W75 санатындағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады.

Алғашқы кезеңдегі матчта қазақстандық спортшы ресейлік Алевтина Ибрагимоваға 1:6, 5:7 есебімен жол берді. Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды.

Екінші сет барысында Құламбаева 3:0, 4:2 және 5:3 есебімен алда тұрғанымен, матчты жеңіспен аяқтай алмады. Ойын аясында қазақстандық теннисші үш брейк-пойнтты сәтті пайдаланып, керісінше өз геймдерінде алты рет жеңіліс тапты.

Кейінірек Құламбаева жұптық сында да өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшының жұптағы серіктесі швециялық Лиза Заар болады. Ал қарсыластары — Алевтина Ибрагимова мен румыниялық Елена Бертеа.

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің алғашқы айналымында жеңілді – sport-hub