«Ақтөбе» клубының зардап шеккен жанкүйерге берген сыйлықтары сатылымға шықты
Бөлісу

Қазақстан Премьер-лигасындағы матчтан кейін жарақат алған жанкүйерге «Ақтөбе» футбол клубы табыстаған сыйлықтар OLX платформасында сатылымға қойылды.
Хабарландырулардың арасында португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нанидің қолтаңбасы қойылған жейдесі бар. Жейдені 400 мың теңгеге бағалаған. Сонымен қатар жалпы құны 60 мың теңге болатын екі жылдық абонемент те сатылымға шығарылды.
Бұған дейін жанкүйер «Ақтөбе» мен «Алтай» арасындағы матч кезінде доп тиіп жарақат алған. Оқиғадан кейін клуб оған өтемақы ретінде сыйлықтар табыстады. Сыйлықтарды жанкүйерге Луиш Нани жеке өзі берген еді.

11 турдан кейін «Ақтөбе» 15 ұпаймен Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде жетінші орында тұр.