Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі өз орындарын жақсартты

Фото: Jimmie48
Әйелдер теннис қауымдастығы WTA жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.
Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 8056 ұпаймен екінші орнын сақтап қалды. Рейтинг көшін Беларусь теннисшісі Арина Соболенко 8550 ұпаймен бастап тұр. Үшінші орында 6300 ұпаймен америкалық Джессика Пегула орналасқан.
Юлия Путинцева 78-орында. Жібек Құламбаева 486-орынға жайғасты, ол 20 сатыға төмендеді. Аружан Сағындықова 618-орнын сақтап қалды. Соня Жиенбаева 734-орында, бір сатыға көтерілді. Ал Асылжан Арыстанбекова 936-орында, төрт орынға төмендеді.
Жұптық сында қазақстандық Анна Данилина 6675 ұпаймен алтыншы орнын сақтады. Оның серіктесі сербиялық Александра Крунич 6950 ұпаймен бесінші орында тұр. Әлемдік рейтингте көш бастап тұрған чехиялық Катержина Синякова 10 150 ұпай жинаған. Екінші орында 9300 ұпаймен америкалық Тейлор Таунсенд, үшінші орында 8805 ұпаймен канадалық Габриэла Дабровски.
Басқа қазақстандық теннисшілерге келсек, Юлия Путинцева үш сатыға төмендеп, 342-орынға түсті. Жібек Құламбаева 21 орынға көтеріліп, 115-орында тұр. Инкар Дюсебай бес сатыға жоғарылап, 472-орынға шықты. Асылжан Арыстанбекова 11 орынға көтеріліп, 473-орында. Соня Жиенбаева 521-орында, екі сатыға төмендеді. Аружан Сағындықова 12 орынға көтеріліп, 633-орында тұр. Сандуғаш Кенжибаева 22 сатыға жоғарылап, 921-орынға жайғасты.