Қазақстандық төрешілер еурокубоктарда жаңа тағайындаулар алды

Аружан Талгат··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстандық төрешілер УЕФА аясындағы халықаралық матчтарға қызмет көрсетуді жалғастырады. Бұл жолы отандық екі төрешілер бригадасы бірден еурокубоктардың екінші іріктеу кезеңіндегі ойындарға тағайындалды.

21 шілде күні қазақстандық төрешілер Чемпиондар лигасы аясындағы Швейцарияның «Тун» және Загребтің «Динамо» командалары арасындағы кездесуде жұмыс істейді. Бұл матчтың бас төрешісі болып Булат Сариев тағайындалды. Оған Денис Лабашов пен Сергей Васютин көмектеседі, ал төртінші төреші міндеті Данила Гордуға жүктелді.

Қазақстан өкілдері видеоқайталым (VAR) бөлмесінде де болады. Бұл ойында видеоассистент төрешінің көмекшісі қызметін Айдын Тасыбаев атқарады.

Тағы бір халықаралық тағайындауды Данияр Сахи алды. Ол Конференциялар лигасы аясында Сербияның «Партизан» және Люксембургтің «УНА» командалары арасындағы матчта төрешілер бригадасын басқарады.

Сахимен бірге ойынды Юрий Тихонюк пен Самат Тергеусізов жүргізеді, ал қосалқы төреші ретінде Георгий Чеховский тағайындалды.

Чемпиондар лигасының матчы Тунда өтеді және Қазақстан уақыты бойынша 23:00-де басталады. Ал Конференциялар лигасының кездесуі Белградта 23 шілдеден 24 шілдеге қараған түні өтеді, бастапқы ысқырық Қазақстан уақытымен 00:00-де беріледі.