Қазақстандық UFC файтері рейтингтегі жетінші нөмірмен белдесуден бас тартты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

Қазақстандық UFC жауынгері Әліби Ідіріс Ирак өкілі Амир Альбазимен джиу-джитсу ережесі бойынша өтетін белдесуден неге бас тартқанын айтты.

Қазақстандық спортшының айтуынша, оған Амир Альбазимен грэпплинг кездесуі туралы ұсыныс келген.

Амир Альбази UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді және дивизион рейтиңінде жетінші орында тұр. Бұған дейін ол UFC-дің бұрынғы қазақстандық файтері Жалғас Жұмағұловты жеңген еді.

— Маған Амир Альбазимен белдесу ұсынылды. Мен бас тарттым. Дәлірек айтсам, біз келісімшартқа қол қойған едік. Кейін UFC маған бір жарым айдан кейін жекпе-жек берді. Содан соң UFC тәуекелге бармай, белдесуден бас тартқан дұрыс екенін айтты. Олармен әлі де байланыстамыз. Иншаллах, жақын күнтізбеге сәйкес келсе, сол жерде күресіп көргім келеді, — деді Ідіріс.

Еске салайық, 2026 жылдың сәуір айында Әліби Ідіріс UFC антидопинг ережесін бұзғаны үшін бір жылға дисквалификация алған еді. Оның сынамасынан тыйым салынған диуретик — гидрохлоротиазид табылған. Шеттету мерзімі 2027 жылдың ақпанына дейін жалғасады.

Қазақстандық UFC файтері рейтингтегі жетінші нөмірмен белдесуден бас тартты – sport-hub