Қазақстандық волейболшылар Азиада-2026 ойындарының ширек финалына шықты

Фото: Арлан Олжабай
Қазақстанның әйелдер волейболдан ұлттық құрамасы Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында В тобында екінші орын алды.
Топтық кезеңнің соңғы турында Қазақстан құрамасы Қытайдан 0:3 есебімен жеңілді. Партиялар 18:25, 6:25, 14:25 есебімен аяқталды. Кездесу бір сағатқа созылды.
Қытай құрамасы шабуыл тиімділігі бойынша Қазақстаннан басым түсті. Қытайлық волейболшылар блоктан 10, доп беруден 5 ұпай жинады. Ал қазақстандықтар 4 нәтижелі блок пен 1 эйс жасады. Қазақстан құрамасында Полина Уфимцева 7 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті. Татьяна Никитина мен Перизат Нұрбергенова 6 ұпайдан еншіледі.
Еске салайық, бұған дейін Асқар Шалқибеков шәкірттері Филиппинді 3:1 есебімен жеңген болатын. Топтық кезең қорытындысы бойынша Қытай 6 ұпаймен бірінші орын алды. Қазақстан 3 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Филиппин құрамасы ұпай жинай алмады.