Азия ойындарында қазақстандық екі бессайысшы финалға шықты

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Тихон Варёхин мен Темірлан Абдраимов Азия ойындарында қазіргі бессайыстан медаль үшін күресті жалғастырады.

Қазақстандық спортшылар А тобындағы жартылай финалда сәтті өнер көрсетті. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша Варёхин 1520 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Қазақстандық спортшы кедергілер жолағында 377, семсерлесуде 236, жүзуде 309 және лазер-ранда 598 ұпай жинады.

Ал Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы орынға орналасты. Оның нәтижесі: кедергілер жолағында – 364, семсерлесуде – 250, жүзуде – 295 және лазер-ранда – 598 ұпай.

Айта кетейік, В тобындағы жартылай финалда қазақстандық Кирилл Стадник пен Лев Чувашов өнер көрсетеді. Ерлер арасындағы финал 20 қыркүйекте өтеді.