Қазақстандықтар бессайыстан Азия ойындарының жүлдесіне таласады
Бөлісу

Қазақстанның үш өкілі де Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жарыстың финалына жолдама алды.
Жартылай финалда спортшылар семсерлесу, жүзу, кедергілер жолағынан өту және лазер-ран бойынша сынға түсті.
А тобында Аяна Қазбекова 1363 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды. Юлиана Петрова 1345 ұпаймен тоғызыншы орын алды. Ал В тобында өнер көрсеткен Диана Щедрова 1356 ұпай жинап, бесінші нәтиже көрсетті.
Жарыс ережесіне сәйкес, әр жартылай финал тобынан үздік тоғыз спортшы финалға өтті. Осылайша, Қазақстан шешуші кезеңде үш спортшымен сынға түседі. Жалпы, медаль үшін 18 бессайысшы таласады.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал 20 қыркүйекте Андзё спорт паркінде өтеді.