Қазақстандық бессайысшы Азия ойындарының семсерлесу кезеңінде екінші орын алды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық бессайысшы Темірлан Абдраимов 2026 жылғы Азия ойындарындағы семсерлесудің іріктеу кезеңінде екінші орын алды.

Абдраимов 35 жекпе-жектің 27-сінде жеңіске жетіп, Қазақстанның төрт өкілінің арасындағы ең үздік нәтижені көрсетті. Жарысқа барлығы 36 спортшы қатысты.

Бірінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Со Чан Ван иеленді. Ол 31 жеңіске жетті. Корей спортшысы Азия ойындарының фавориттерінің бірі саналады. Тамыз айында ол қазіргі бессайыстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған.

Кирилл Стадник 21 жекпе-жекте жеңіске жетіп, 14 рет жеңіліп, оныншы орынға жайғасты. Лев Чувашов 20 жеңіс және 15 жеңіліспен 14-орынға ие болды. Тихон Варёхин де осындай нәтиже көрсетіп, 15-сатыға орналасты.

Айта кетейік, семсерлесудің іріктеу кезеңінің нәтижесі жүлдегерлерді анықтамайды. Оның қорытындысы спортшыларды келесі кезеңдердегі нокаут жүйесіндегі семсерлесуге бөлу және ұпай есептеу үшін пайдаланылады. Жоғары нәтиже көрсеткен Абдраимов жарысты жалғастыру барысында артықшылыққа ие болады.

Қазіргі бессайыстан ерлер арасындағы жартылай финал 18 қыркүйекте өтеді.