Қазақстан Қытайда өткен бессайыстан әлем чемпионатын аяқтады

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өткен қазіргі бессайыстан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады.
Қазақстандықтар арасындағы ең үздік нәтижені Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов көрсетті. Олар 1442 ұпай жинап, ерлер арасындағы эстафетада 7-орын алды.
Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова әйелдер эстафетасында 1193 ұпаймен 9-орынға жайғасты. Ал Ярославна Понер мен Кирилл Стадник аралас эстафетада 988 ұпай жинап, 9-орын иеленді.
Жеке жарыста қазақстандық бессайысшылар іріктеу кезеңінен өте алмады. Ерлер арасында ең үздік нәтижені Тихон Варехин көрсетті — өз тобында 16-орын. Данил Богданов 17-орын, Лев Чувашов 18-орын, Кирилл Стадник 20-орын, ал Темірлан Абдраимов 21-орын алды.
Әйелдер арасындағы іріктеу кезеңінде Юлиана Петрова өз тобында 27-орынға ие болды. Ярославна Понер 30-нәтиже көрсетсе, Аяна Қазбекова 31-орын алды.
Жеке жарыста әлем чемпионы атанғандар венгриялық Бланка Гузи және чехиялық Матей Лукеш.
Турнир 24–30 тамыз аралығында өтті.