Қазақстандық бессайысшы Азияда топ-12 қатарына кірді

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық бессайысшы Диана Щедрова 2026 жылғы Азия ойындарында семсерлесуден іріктеу кезеңінде 12-орын алды.

Щедрова 32 жекпе-жектің 19-ында жеңіске жетіп, Қазақстанның үш спортшысы арасында үздік нәтиже көрсетті. Аяна Қазбекова 17 кездесуде жеңіп, 16-орынға жайғасты. Ал Юлиана Петрова 14 жеңісімен 22-орын алды.

Айта кетейік, семсерлесудің іріктеу кезеңіндегі нәтижелер бонус кезеңінде спортшылардың жарысқа шығу ретін анықтайды. Бонус кезеңі жекпе-жектен шығу жүйесі бойынша өтеді. Екі кезеңде жинаған ұпайлар қазіргі бессайыстың жалпы есебіне қосылады.

Әйелдер арасындағы жартылай финалдық жарыстар 17 қыркүйекте өтеді. Спортшылар семсерлесуден бөлек, жүзу, кедергілер жолағынан өту және жүгіру мен оқ атуды біріктіретін лазер-ран сайыстарында бақ сынайды.

Еске салайық, 16 жастағы Щедрова – 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азияның қазіргі чемпионы. Қазақстандық спортшы мамыр айында Индонезияның Джокьякарта қаласында өткен құрлықтық біріншілікте жеңімпаз атанған.

Қазақстандық бессайысшы Азияда топ-12 қатарына кірді – sport-hub