Басты бет
·
Волейбол

Қазақстандық волейболшылар жасөспірімдер Олимпиадасында қатарынан екінші жеңісіне жетті

Дина Хамзина··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық жағажай волейболы құрамасы Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Топтық кезеңнің кезекті кездесуінде Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Гана құрамасының өкілдері Джастис Амоафо мен Дэниел Лартимен кездесті.

Ойын қазақстандық жұптың 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Алғашқы партия тартысты өтіп, отандастарымыз қарсыластарынан 21:19 есебімен басым түсті. Екінші сетте Әлихан мен Оразалы сенімді ойын көрсетіп, 21:13 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасында қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін топтық кезеңнің алғашқы матчында Сауд Арабиясының жұбынан басым түскен еді.

Айта кетейік, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының қазіргі чемпиондары.

Еске салайық, 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы Сенегал астанасында 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді. Дакар — жасөспірімдер Олимпиадасын қабылдаған алғашқы африкалық қала.