Басты бет
·
Волейбол

Астана волейболдан қыздар арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: FIVB

Фото: FIVB

Астана қаласында 2027 жылғы 5–15 тамыз аралығында 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболдан әлем чемпионаты өтеді.

Халықаралық волейбол федерациясының (FIVB) әкімшілік кеңесі өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша жарысты Астанада өткізу туралы шешім қабылдады. Әлем біріншілігіне 24 ұлттық құрама қатысып, жалпы саны 52 матч өткізеді. Турнир жеңімпаздары топтық кезең мен плей-офф кездесулерінің қорытындысы бойынша анықталады.

FIVB бекіткен жаңартылған форматқа сәйкес, командалар төрт құрамадан алты топқа бөлінеді. Әр топтан үздік екі құрама, сондай-ақ үшінші орын алған командалардың арасындағы ең мықты төрт ұжым плей-офф кезеңіне жолдама алады. Одан кейін жарыс олимпиадалық жүйе бойынша жалғасады.

19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы алдыңғы әлем чемпионаты 2025 жылы Хорватия мен Сербияда өтті. Турнирде Болгария құрамасы жеңіске жетіп, осы жас санатындағы алғашқы чемпиондық атағын иеленді.

Астана волейболдан қыздар арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды – sport-hub