Басты бет
·
Волейбол

Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарының финалына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Қазақстан құрамасы Пара Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстанның отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы V Азия Пара ойындарының финалына жолдама алды. Жартылай финалда Ирак командасын жеңді.

Азия Пара ойындары-2026. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер. Жартылай финал

Қазақстан – Ирак – 3:2 (25:27, 21:25, 25:13, 25:15, 15:8)

Кездесу 22 қазанда Жапонияның Окадзаки қаласында өтті. Матчтың алғашқы екі партиясында Ирак құрамасы басым түсіп, Қазақстан 0:2 есебімен ұтылып жатты.

Алайда қазақстандық волейболшылар ойын барысын өзгерте алды. Үшінші партияда ұлттық құрама 25:13 есебімен жеңіске жетіп, төртінші кезеңде де қарсыласынан 25:15 есебімен басым түсті. Шешуші бесінші партияда Қазақстан құрамасы 15:8 есебімен жеңіп, матчта жеңіске жетті.

Бұған дейін топтық кезеңде Қазақстан құрамасы B тобында екінші орын алған еді. Алғашқы матчта отандастарымыз Таиландты 3:0 (25:16, 25:22, 25:18) есебімен жеңсе, кейін әлемнің қазіргі чемпионы Иранға 0:3 (19:25, 13:25, 12:25) есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия Пара ойындары Жапонияда 18-24 қазан аралығында өтеді. Жарыстар Айти префектурасы мен Нагоя қаласында ұйымдастырылған.